Елімізде жалпы өлім-жітім төмендеді. Халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 74 жасқа дейін өсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл туралы Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
» Былтырдың қорытындысы бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру аясында 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда елімізде жалпы өлім-жітім 29 пайызға төмендеді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 33 пайызға, қатерлі ісіктен – 8 пайызға, түрлі жарадан 5 пайызға азайды. 2022 жылы нәресте өлімінің деңгейі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға төмендеді», — деді А. Ғиният.
Министрдің айтуынша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 74,44 жасқа дейін өскен.
Тағы оқыңыз: Ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды