Жыл басынан СҚО-да 450 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өткен 9 айда облыста 450 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам қаза тапты. Ал 19 адам қызыл жалыннан зардап шеккен. Тілсіз жаудан келген шығын көлемі 424 миллион теңгеден асыпты. Алайда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен екен. ТЖД мамандарының сөзінше, өңірде көпқабатты тұрғын үйлерде өрт шығу қауіпі жоғары. Себебі, тексеру бәрінде бірдей өрт қауіпсіздік жүйесі сақталмағаны анықталыпты. Кейде арнайы техника тұрақтағы көліктерден оқиға орнына өте алмайды екен.
“Жыл басынан бері көпқабатты үйлерде 12 өрт фактісі тіркеліп, 4 адам зардап шекті. 27 қыркүйек күні Жуков көшесіне қарасты мекен-жайдан қоңырау келіп түсті. Бізге 14 жастағы бала хабарласқан болатын. Ол үйде жалғыз екенін, түтін иісін сезгенін айтты. Бала өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керегін білгендіктен, құтқарушы топ оны тез арада тауып, құтқарып алды.”,-дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.