Тайынша ауданының білім бөлімі 100ге жуық мұғалімнің еңбек демалысын қысқартып, еңбек кодексінің және әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің талаптарын бұзған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мұғалімдердің еңбек құқықтарын қалпына келтірді. Құзырлы органдар еңбек қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде қызметкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру фактілерін анықтады.Мәселен, Тайынша ауданының білім бөлімінің лауазымды адамдары Еңбек кодексінің және әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің талаптарын бұза отырып, білім беру саласындағы қызметкерлерге 33 емес, 30 күн көлемінде ақылы еңбек демалысын берген.
“Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ауданның білім бөлімінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Және 94 қызметкерге қосымша 3 күн көлемінде демалыс көбейтіліп, 945 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат есептелді.”,-делінген СҚО прокуратурасының ресми сайтында