Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел әрекет ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Аталған жаңашылдық азаматтардың ыңғайлылығы үшін жасалып отыр. Айта кетейік, Telegram-бот арқылы іздеуде жүрген адамдар жайлы ақпаратты да жылдам беруге болады.
«Олар бойынша бағдарлар Агенттіктің сайтында жарияланады. Басқа мәселелер бойынша қазақстандықтар 1424 нөмірі бойынша жүгіне алады», — делінген агенттік таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз: Еуропа елдерінде біліктілігін арттырған визажист енді өңірдің қыз-келіншектерін оқытпақ