Есіл ауданында «Отбасы ұлттың тірегі» атты отбасылық сайыс өтті

Елімізде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні  атап өтіледі. Мерекеге орай Есіл ауданында «Отбасы ұлттың тірегі» атты отбасылық  сайыс өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Берекелі отбасы – мықты мемлекеттің іргетасы екені анық. Сондықтан елімізде 2013 жылдан бері «Отбасы күні» аталып өтіліп келеді. Есіл ауданының әкімдігі жыл сайын бұл мерекені кең көлемде атап өтуді игі дәстүрге айналдырған. Биыл отбасылық байқау ұйымдастырылып, оған ауылдық округтен келген 25 жанұя қатысты. Бірлігі жарасқан жанұялар ән мен биден шашу шашып, жиналғандарға өз өнерлерін көрсетті. Сайыс «Менің отбасым» фото аймағы», «Супер әже», «Менің отбасымның ережелері», «Шеберлер қаласы», «Менің коллекциям», «Өмір ағашы-менің тегімнің тарихы» сынды 6 номинацияны қамтыды. Қатысушылардың барлығы конкурсқа тиянақты дайындалып келген.

«Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Заречный ауылдық округінен келген  Милешиндер отбасы жеңіп алса, 2 орын Покровка ауылдық округінің намысын қорғаған Краснощек жанұясына бұйырды. Ал 3 орын явленкалық Жарылғаповтар және Амангелді ауылдық округінен келген Қожантаевтар отбасына берілді. Бұдан бөлек, байқауға белсене қатысқан Николаев ауылдық округінен келген Алпеевтер отбасыда арнайы марапатқа ие болды», — дейді Есіл аудандық білім бөлімінің әдіскері Татьяна Абдулова.

Тағы оқыңыз: Шаруалар егінді жинай алмай отыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x