«Қазақстан халқына» қоры арқылы 818 студент тегін оқиды

818 студент «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы білім гранттарына ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазақстан халқына «Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 818 білім беру грантын тағайындады. Грант иегерлері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында күндізгі оқу бакалавриатының талапкерлер.
Конкурсқа ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан, шағын және моноқалалардан; кәмелетке толғанға дейін жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған; мүгедектігі бар және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер. Сондай-ақ 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары мен жараланған балалар. Төтенше жағдай кезінде қайтыс болған азаматтардың ұл-қыздары да қордан грант ала алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 10-19 тамыз аралығында жүзеге асырылды. Бағдарламаға барлығы 84 ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты.
Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ 40 000 теңге көлемінде стипендия көзделген. Білім беру гранттары бүкіл оқу кезеңіне беріледі.
«Қазақстан халқына» білім беру гранттары иегерлерінің тізімі қордың сайтында жарияланған.

Тағы оқыңыз: Баспана кезегін қалай тексеруге болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x