Елімізде бір жылда орташа айлық жалақы көлемі 17 пайызға артқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 2023 жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы 365 502 теңгені (жылына +17,1%) құраған.
Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы 20,4%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 15,6%-ға артқан.
Жалақының ең аз өсімі – білім (10,2%) және құрылыс саласында (11,7%) тіркелген.
Тағы оқыңыз: Автобус жүрмей қойған: Петропавлда жол сапасына шағымданған жүргізушілер осылайша наразылық білдірген