Автобус жүрмей қойған: Петропавлда жол сапасына шағымданған жүргізушілер осылайша наразылық білдірген

Петропавлдағы Сенная база ықшам ауданына автобус қатынамай, тұрғындарға ыңғайсыздық туғызған. Қоғамдық көлік жүргізушілері мұндай қадамға жол сапасына көңілі толмағандықтан барғандарын айтқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сенная база ықшам ауданына 23 М бағытындағы автобус қана қатынайды. Оның өзі бір ғана көшемен жүріп өтеді екен. Ал жуырда тұрғындар соның өзіне де зар болып қалған. Бірнеше күн жауған жаңбырдан кейін мұнда қоғамдық көлік мүлдем кірмейтін болған. Осылайша, жол сапасына көңілі толмаған жүргізушілер наразылық танытқан көрінеді. Бірақ одан қарапайым халық зардап шеккен. Бұл жайында аудан тұрғындары әлеуметтік желіде жазды. 

«Жолдардың жағдайы осыған дейін де мәз емес еді. Ал жазда Индустриальный көшесіндегі асфальттың жоғары бетін алып тастады. Жаңасын төсейді деп қуанғанбыз. Алайда, бәрі сол қалпы қалды. Енді сапасы мүлдем сын көтермейді. Ешбір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Жүру мүмкін емес. Сондықтан автобустар да ауданға кірмей айналып өтетін болды. Балалар мектепке, қариялар ауруханаға, ересектер жұмысқа бару керек. Ал жақын деген аялдамаға жетудің өзі бір мұң. Алыс оның үстіне, күн суықта жаңбырдың астында жүру мүмкін емес», – деп жазылған желіде.

Қалалық әкімдіктегілер жолдың жөнделмей, жұмыстың сағызша созылып кетуіне мердігер компания кінәлі деп отыр. Олар істі уақытылы атқармаған.

«Индустриальный көшесінде жұмыс толық аяқталған жоқ. Бұл көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мердігер компания – «Грандо» ЖШС. Тамыз айында олар жолдың жоғары бетін алып тастады. Кейін жаңа асфальт төсеу керек еді. Алайда, шаруа уақытылы жасалған жоқ. Яғни, жұмыстар мердігер компанияның кесірінен аяқталмай жатыр. Оларға бірнеше рет өтініш жолдадық. Енді ауа райы дұрысталған соң олар бірден асфальт төсеуге кіріседі. Солай деп уәде етті», – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер науқастарды МӘМС аясында жалған жазбамен қабылдаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x