СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан 3 бірдей азамат ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны жеңгетайлықпен айналысты деген күдікке ілікті. Ұсталғандардың екеуі сауна әкімшісі болса, енді бірі жалға алушы екен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Петропавлда сауналарды жалға алатын қала маңындағы ауылдардың бірінің 38 жастағы тұрғыны жеңгетайлықты ұйымдастыруға қатысуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті. Полицейлер жүргізген тексеріс барысында аталған факт расталды. Бір қызығы, күдікке ілінген әйел осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

«Универсальная көшесіндегі сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды. Мұнда сауна әкімшісі клиенттерге интимдік қызмет көрсететін қыздарды ұсынып, ақшалай сыйақы алып отырған. Осыған ұқсас факт Труда көшесі бойындағы сауналардың бірінде де тіркелді. Сауна әкімшісі ұсталды. Қазіргі уақытта саунаны жалға алушы және екі әкімшіге қатысты іс қозғалды. ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — дейді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

Аталған баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Жалпы, жыл басталғалы өңірде 4 жеңгетайлық фактісі анықталған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда прокурорлар автосалон ашқысы келген кәсіпкерге көмектесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x