Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сонымен қатар, маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдау керектігін айтты.
« 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», — деді Президент.
Тағы оқыңыз: 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан СҚО-ның жетістіктері көпке үлгі – Президент