Мүлік салығын төлеуден жалтарып жүргендерге ел аумағынан шығуға шектеу қойылады. Борышкерлер үшін тіркеу қызметтеріне тыйым салынып, банк шоттары бойынша операция жасауы тоқтатылады. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингіде СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Дамир Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
2023 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалар мүліктері үшін 2022-нің салығын төлеулері қажет. Оның мөлшерін объектінің құнына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бекітеді. Борыштың сомасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан білуге болады — www.kgd.gov.kz. Ол үшін ЖСН енгізу жеткілікті. Деректер «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында қолжетімді, мұнда бірден төлем жасауға болады. Қызмет түрі Kaspi мен Halyk банктерінің қосымшасында да бар.
«Жеке тұлғалар мүлік үшін салықты қолма-қолақшамен де төлей алады. Ол үшін пошта мен екіншідеңгейлі банктердің бөлімшлеріне жүгіну керек. Төлем терминалдарында да салықты төлеуге болады. Шілде айынан бастап аумақтық мемлекеттік кірістер органдары 2022 жылғы салық сомалары бойынша хабарламалар таратып жатыр. Kaspi мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түсуде. Егер мұндай хат келмесе, мүліктің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгініп не 1414 нөміріне хабарласу керек», — деді СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Дамир Нұрғалиев.
Ал салықты уақытылы төлемеген жағдайда мерзімі өткен әр күнге өсімпұл қосылып отырады. Хабарламаны елемей, ақша төлеуден жалтарып жүргендердің материалы сотқа жіберіліп, мәжбүрлепөндіріп алуға беріледі. Өз кезегінде, берешекті өндіріпалу мақсатында жеке сот орындаушылары борышкерлерге қатысты алынған материалдар бойынша мынадай шараларды қолданады:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды шектеу;
тіркеу әрекеттерін шектеу;
салық төлеушінің мүлкіне тыйым салу;
банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру.
«Борышкер берешегін төлегеннен кейін сот орындаушыларының қызметтеріне өндіріп алынған соманың 25 пайызына дейінгі мөлшерде төлеуге міндетті», — деді Дамир Нұрғалиев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да мемлекеттік сатып алу процесінде олқылыққа жол берген 5 қызметкер жауапкершілікке тартылды