СҚО-да күздік дақылдардың 44%-ы жиналды

Теріскейде күздік дақылдарды жинау науқаны басталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін 3,3 мың га жерден 2,8 мың тонна өнім қамбаға бастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетсек, үстіміздегі жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4,5 млн га жерге егін себілді. Оның 3,2 млн-ы – дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар. 960 мың гектарға майлы дақылдар, 353 мың га аумақты мал азығы алып жатыр. 34,1 гектарға – картоп, 6,2 мың гектарға басқа да көкөніс түрлері себілген еді. Күзде мол өнім алу үшін сортты жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2,3 млн га жерге 170 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілді. Арамшөп, зиянкестермен күресу шаралары да қолға алынғанын атап өту қажет. Қазір күздік дақылдарды жинау науқаны жүргізілуде.

«Күздік дақылдар 7,6 мың га жерді алып жатыр. Бүгінде 3,3 мың гектарда 2,8 мың тонна өнім жиналды. Яғни, шаруаның 44 пайызы тындырылды. Өнімділік 8,2 ц/га-ды құрайды», — деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үй жанып кетті 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x