Елімізде 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңге, ең жоғары баға Алматы қаласында – 800 теңге.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6 пайыз болды. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізілетін болады», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы өсті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x