Ел азаматтарының жылу үшін төлеген ақшалары қайта есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, тұрғындарға 957 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құны қайта есептелді.

«Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілді, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында (2023-2024 жылдары) не күнтізбелік жылда (2023 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады», — деп жариялады ведомство өкілдері.

Өткен 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 957 807,22 мың теңгеге қайта есептеу жүргізді:

— Астана қаласы бойынша – 514,491 мың теңге;

— Алматы қаласы бойынша – 15 876,45 мың теңге;

— Абай облысы бойынша – 755,134 мың теңге;

— Алматы облысы бойынша – 9 199,56 мың теңге;

— Ақмола облысы бойынша –  18 924,83 мың теңге;

— Атырау облысы бойынша – 11 640,57 мың теңге;

— Ақтөбе облысы бойынша – 6 211 мың теңге;

— Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  445 840,44 мың теңге;

— Жамбыл облысы бойынша – 79 096,62 мың теңге;

— Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 976,25 мың теңге;

— Қарағанды облысы бойынша –  338 261,08 мың теңге;

— Қызылорда облысы бойынша –  21 627,50 мың теңге;

— Маңғыстау облысы бойынша – 1 214,63 мың теңге;

— Павлодар облысы бойынша – 2 044,91 мың теңге;

— Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 623,75 мың теңге.

Тағы оқыңыз: Қытайлық кәсіпкер өңірден 100 мың тонна астық сатып алмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x