Енді ипотека алу әлдеқайда оңайырақ бола түсті. Себебі ЦентрКредит Банкі веб-сайт арқылы онлайн-ипотекалық несиені іске қосты. Оның көмегімен сіз банк бөлімшесіне бармай-ақ бір күн ішінде тұрғын үй сатып алуға ипотекалық несие ала аласыз, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, stan.kz-ке сілтеме жасап.

ЦентрКредит Банкінің онлайн ипотекасы – ипотекалық несиені онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа банк қызметі. Өтініш беру процесі бір терезеде қашықтан жүзеге асырылады. Мұнда онлайн өтінім, жылжымайтын мүлікті бағалауға тапсырыс беру, сатып алу-сату шартын жасау үшін нотариусты таңдау және банктік несие алу секілді өтініштерді бере аласыз.

Онлайн ипотекаға өтініш беру үшін bcc.kz сайтына кіріп бірнеше қадамдарды орындасаңыз болғаны:

  • ипотекалық бағдарламаны таңдап, ипотекалық калькулятор арқылы шарттарды есептеңіз. Несиенің шамамен сомасын анықтау үшін алдын ала шешімді білуге болады. Сондай-ақ шешім қабылдау кезінде несиелік жүктеме ретінде ескерілмейтін, кейіннен өтеу шартымен қолданыстағы несиелерді таңдауға болады. 
  • өтініш беру – ЖСН мен телефон нөмірін енгізіп, адамның бейне сәйкестендіруден өтуі арқылы жүргізіледі;
  • жылжымайтын мүлікті бағалаудан өту — мүлік туралы мәліметтерді толтырып, мүліктің құнын ескере отырып шешім алу арқылы жүргізіледі;
  • сатып алу-сату шартын жасау бойынша қызмет нотариусқа клиентке ыңғайлы уақытта және жылжымайтын мүлікпен мәмілені кейіннен ресімдеу, тіркеу үшін таңдауды автоматты түрде ұсынады;
  • Құжаттарға қол қою электрондық цифрлық қолтаңба арқылы іске асырылады. Егер сізде ЭЦҚ жоқ болса, egov.kz арқылы онлайн ала аласыз.

Онлайн ипотеканың басты артықшылығы – ұйымдасқан тиімді қызметінде. Ипотекалық несиені 1 күн ішінде алуға болады. Бұл ретте өтініштің жеке шарттарына байланысты шешімді 2 минуттан бастап күтесіз.

Несие шарттары кәдімгі ипотекалармен бірдей.

  • несие сомасы – 100 млн теңгеге дейін;
  • мерзімі — 3 айдан 15 жылға дейін;
  • бастапқы төлем жарнасы – 20%-дан;
  • мөлшерлемесі – жылдығы 15%-дан (жылдық тиімді мөлшерлеме 15%).

Несие мерзімінде қарыз алушы 21 бен 68 жас аралығындағы Қазақстан азаматы болуы шарт.

Қазіргі уақытта бұл қызмет Қазақстанның сегіз қаласында пайдалануға қолжетімді. Олар: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Тараз және Павлодарда. Дегенмен өтінішті кез келген қаладан беруге болады. Бұл онлайн ипотекада пәтерлерді тек 1967 жылдан ерте емес, құрылыстың қайталама нарығынан алуға болады.

Тағы оқыңыз: 2 адамды соғып кеткен жүргізуші екі айға қамалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x