Мамлютка қаласында егілген жас көшеттер өспей, қурап тұр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Биыл көктемде Мамлютка қаласында 620 түп тал-терек және қарағай егілді. Бірақ жас өскін жаппай қурап, сол күйі бүршік жармады.

“Жайқалып, көк болып тұрмағаннан кейін адам да байқамайды екен. Мен қазір байқап тұрмын осыны. Шығын ғой бұның бәрі”, – дейді Мамлют ауданының тұрғыны Рақымжан Тоқтанаев.

Тұрғындардың айтуынша, жас көшеттер батпақты, тұзды жерлерге егілген. Кейбірі тура қамыстардың ортасына отырғызылған. Құжатта көрсетілгендей ағаштың биіктігі 2 метрден кем болмауы тиіс. Бірақ кейбір көшеттер тізеден ғана келеді. Қала тұрғындары биылғы абаттандыру жобалары ойдан шықпады дейді.

“Техникалық сипаттамаға сәйкес ағаштар күн сайын суарылуы тиіс еді. Кепілдік мерзімі – 3 жыл. Бірақ бірде-бір міндеттеме орындалмады. Сондықтан сотқа жүгіндік”, – деді Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары Амир Бектеміров.

Әзірге мердігер ұйымға бірде-бір теңге төленген жоқ. Ал тараптар соттасып болғанша қала көшелері қурап қалған көшеттермен тұра бермек.

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x