Елімізде кеңсе тауарлары бір жыл ішінде 64,4% — ға қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде мектеп дәптерлері, қаламдар, альбомдар және басқа да кеңсе тауарлары 64,4% — ға қымбаттаған.
«Мектеп дәптерлері 77,2%, қаламдар 38,6%, түрлі – түсті қарындаштар 41,9%, сурет салу альбомдарының құны — 44,1% — ға өскен», — делінген статистика департаментінің ақпаратында.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы № 19 бастауыш мектеп апатты деп танылған