Петропавлдағы 19 бастауыш мектеп жабылуы мүмкін. Нысан апатты деп танылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Кирпичный» шағын ауданында орналасқан №19 бастауыш мектептің негізі 1959 жылы қаланған. Әбден тозығы жеткен нысанда биыл 44 бала білім алуы тиіс. Жаңа оқу жылына бір ай уақыт қалғанда жергілікті білім басқармасының өкілдері оқушылардың ата-аналарына құжаттарын алып, басқа оқу ошағына ауысуды ұсынған. Өйткені мұнда білім алу қауіпті.

«Ата-аналарға қаладағы №4-ші және 23-ші мектепке балаларын ауыстыруға кеңес берілді. Оқу ордасынабалалар тегін жеткізіліп, тегін тамақтанатын болады. Ішінде спортзалы бар, санитарлық тораптары жаңартылған. Жалпы, қос мектепте де сапалы білім алуға қажеттінің бәрі бар. Егер ұл-қыздарын бұдан басқа мектептерге беремін деушілер болса, ол мәселе де қарастырылады», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Ал ата-аналар бұған қарсылық танытып отыр. Олар ұл-қыздарының дәл осы мектепте оқығандарын қалайды, керек десе, өздері ақша қосып, жөндеуге дайын.

«Қолымыздан келгенді жасап жатырмыз. Өз қаражатымызға мектеп маңайына асфальт төседік. Сырттағы мемлекеттік ту өткен жылы 8 тамыз күні ғана сатып алынды. Дәл осы мектептің білім беру сапасы жақсы. Кейбір ата-аналар қаладағы оқу орындарынан осы мектепті таңдап жатады. Ондағы нысандарда бала саны жай да көп екенін білеміз», – дейді ата-аналардың бірі Instagram-да жарияланған видеода.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық жеңіл атлет ТМД елдерінің ойындарында қола жүлдеге ие болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x