«Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді. Құжат қабылдау 10 тамызда басталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Грантқа өтінішті ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және ЖОО-ға түсу үшін шекті балды жинаған түлектер тапсыра алады:

-ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

-жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-мүгедектігі бар азаматтар;

-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

-төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Құжаттарды тамыздың 10-17-сі аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек. Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның барлық түзету мекемелері бейнебақылау камераларымен жарақтандырылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x