СҚО-ның барлық түзету мекемелері бейнебақылау камераларымен жарақтандырылған

СҚО-ның барлық түзету мекемелері бейнебақылау камераларымен жарақтандырылған. Оған облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерді аралаған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов көз жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға, сондай-ақ сотталғандар тарапынан да, мекемелер әкімшілігі тарапынан да ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 5 түзету мекемесі жұмыс істейді (№48, №50, №51, №52, №66), онда 1500-ден астам үздіксіз бейнебақылау камерасы орнатылған.

Бейнебақылау камераларымен қатар, адамның жеке басын немесе көлігін анықтап қана қоймай, жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесі жұмыс істеп келеді.

«Рентгеноскопиялық сканер жүйесі киімнің астында, сондай-ақ адам денесінің ішінде немесе протездерде жасырылған барлық заттарды анықтайды. Барлық жасырын нысандардың сенімді табылуына кепілдік бере отырып, адамды толық көлемде тексеруді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті №50 мекеме бастығы Қанат Сүлейменов.

Жұмыс сапары барысында Сәкен Сәрсенов ішкі істер органдарының жұмысын цифрландырудың және мекемелерді үздіксіз бейнебақылаумен толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғыны қымыз өндіру үшін мал басын көбейтуде

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x