«Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды

Петропавлда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды. Солтүстікқазақстандық үздік тауар өндірушілер жыл соңында аталған жобаның республикалық көрмесіне қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы 9 шілде күні «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауымен қатар өтті. Оған 15 тауар өндіруші қатысып, 10-ы келесі кезеңіне жолдама алған еді. Кәсіпкерлер бренд-комитет алдында жобаларын қорғап, ең мықтылары анықталды.

«Қазылар алқасының назарына әйелдердің қолынан туған киім-кешек, бал, ет, сүт өнімдері, бет, дене күтіміне арналған табиғи косметикасы, зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар т.б. ұсынылды. Нәтижесінде, бал және бал өнімдерін шығарушы Ярослава Пилипушко, қолдан сабын, косметика өндіруші Лариса Первушина және ірімшік пен йогрут шығарушы Ольга Даньшина жеңімпаз атанды», — дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы өнімдер одан әрі маркетингтік қолдауға ие болады. Яғни, брендтеліп, сертификатталады. Бұл жергілікті тауарларға деген сұранысты арттырып, оларды экспортқа шығаруға мүмкіндік беретіні анық. Сонымен қатар, жыл соңында өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесіне қатысады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 34 млн теңгенің гербициді ұрланды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x