СҚО-да 34 млн теңгенің гербициді ұрланды

Солтүстік Қазақстан облысында 34 млн теңгенің гербициді ұрланды. Полицейлер 84 қорапты қолды қылған 2 тайыншалықты ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тайынша ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығы полицейлерге 34 млн теңгенің гербициді ұрланғанын айтып жүгінген. Бәзбіреулер қойманың құлпын бұзып ішке кіріп, 84 қорапты алып кеткен. Мамандар бірден қылмысты ашуға кіріскен. 3 күн ішінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарындағы 11 адамды тексерді. Нәтижесінде, Тайынша ауданының 22 мен 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Ұрланған гербицидтер пысықайлардың бірінің туысының үйінен тәркіленді.

«Қазіргі уақытта күдіктілер Ақмола облысында күзетпен қамауда. Ұрлық фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ауылшауаруашылық құрылымдарының басшылары өз объектілерінің техникалық нығайтылуын арттыруы қажет. Толыққанды бейнебақылау жүйесі, мықты есіктер мен құлыптар, терезелердегі торлар, күзет пен басқа да қорғау құралдары қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғайды», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Тағы оқыңыз: Полицейлерден таяқ жеген СҚО тұрғыны мүгедек болып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x