СҚО-да тамыз айында 34 градусқа дейін ыстық болады

Жаздың соңғы айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 25-30, кей жерлерде 34 градус ыстық болады. Одан кейін ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Онкүндіктің соңында термометр түнде қайтадан 12-ге дейін, күндіз 22-27 градусқа дейін көтеріледі.

«Екінші онкүндікте күндізгі ауа температурасының одан әрі 28-33 градусқа дейін көтерілуі күтілуде. Содан кейін — түнде 9-14, күндіз — 17-22 градус. Ал, үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының одан әрі төмендеуі түнде 4-9 градусқа дейін, күндіз 12-17 градусқа дейін күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында түнде 9-14, күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жаздың соңғы айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, 42-52 мм болады. Өткінші жаңбыр, найзағай, секундына 15-20 метр жел, екінші онкүндіктің басында тұман түсуі ықтимал. Үшінші онкүндіктің ортасында бұршақ жаууы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Мектептегі санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт дайындалады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x