Енді қазақстандықтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны жақын туыстарының еміне жұмсай алады. Өзгеріс биылдан бастап күшіне еніп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ел тұрғындарының зейнетақы қорынан ақша алу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Оған сай, ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер бұған дейін міндетті зейнетақы жарнасы мен кәсіптік зейнетақы жарнасын баспана алуға нeмесе емдеуге жұмсай алатын. Енді біржолғы зейнетақы төлемiн алар кезде олардың кәсiптік зейнeтaқы жapнасы есептелмейді. Демек азаматтар жарнаның бұл түрін үй алуға нeмесe емге жұмсай алмайды. Алайда, қаржыны сенімгерлік бaсқаруға беруге рұқсат етілді.

«Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру кезінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі бұдан былай ескерілмейді. Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезден бастап салымшы аталған зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы», – деп хабарлады БЖЗҚ өкілдері.

Биылдан бастап қазақстандықтар қордағы ақшаларын жақын туыстарының еміне де жұмсай алады. Яғни, ата-анасы, ата-әжесі, туған не асырап алған балаларына көмектесе алады.

Тағы оқыңыз: Әр аудан орталығында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатын болады – Айдарбек Сапаров

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x