Петропавлда белгіленген талаптарды сақтамай, рөлге мас күйде отырған скутер жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Скутер жүргізушісі Пестрое көлі жақтан Жамбыл көшесі бойымен келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша рөлдегі адам мас күйде болған. Бұдан кейін куәгерлердің мәліметінше, дәл сол скутер түнгі сағат 23:35 шамасында жарық шамын қоспай қала ішінде жүрген. Қасына жолаушы отырғызып, қорғаныс құралдарынсыз скутер басқарған. Мұнымен қоса, жылдамдықты асырып, бағдаршамның тыйым салынған түсіне де өтіп кеткен. Полицейлер ережені ескермеген жүргізушіні тоқтатпақ болған. Алайда, азамат тәртіп сақшылардан қашып, қасақана жаяу жүргіншілер жүретін Қазақстан Конституциясы көшесіне шығып кеткен. Патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп бұзушының артынан қуып, ұстамақ болды. Бірақ, бұзақы жасырынып үлгерген. Скутер жүргізуші әлі де іздестіріліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Мектептегі жөндеу жұмыстары созылып кетті