Мобильді интернетті үнемдейік – Бағдат Мусин

Еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеуге шақырды. Сөзінше, интернет те таусылатын ресурс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы уақытта ел азаматтары байланыс пен мобильді интернеттің жұмыс сапасына жиі шағымданатын болған. Оның үстіне, көпшілігі оператор тарифтерінің бағасының шарықтап кеткеніне де наразы. Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет кулуарында осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

«Егер байланыс операторларының тарифтерін көтермесек, 10 жылдан кейін инфрақұрылымымыз әлсіреп, ештеңеге сай болмай қалады. Біз халықаралық деңгейлерді қарастырып, бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ал тарифтердің бағасын өсіру тарифтердің өзіне тиесілі. Өйткені біздің министрлік тарифтерді реттеу механизмін қолданбайды», — деді министр.

Азамат өз сөзінде ел тұрғындарын мобильді интернетті үнемдеуге шақырды.

«Қазақстандықтар 15-20 гигабайт ақпарат тұтынып үйреніп қалған. Бірақ үнемдейікші. Мобильді интернет қымбат екенін түсінуіміз керек. Үйге келгенде Wi-Fi-ға қосылу керек. Интернет те таусылатын ресурс. себебі базалық станция мобильді құрылғылардың белгілі бір санын қосады. Егер мобильді құрылғылардың саны асып кетсе, әрине, байланыс нашарлай бастайды. Ал екінші базалық станцияны орнату үшін әжептәуір инвестиция қажет», — дейді ол.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мұғалім оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x