Бүгінде Петропавлдағы теміржол тұйықтарында 2800 тонна көмір бар. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі отынды қай нүктелерден сатып алуға болатыны жайлы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдықтар көмірді 3 теміржол тұйығынан сатып ала алады. Оның бірі Труд даңғылы, 18 а мекенжайында орналасқан. Қаражыра көмірін тоннасы үшін 17 мың теңге төлеп, майкүбіні 13 мыңға сатып алуға болады. Байланыс нөмірі: 31-72-24. Панфилов көшесі, 276-да тоннасы 17 мың теңге болатын шұбаркөл көмірі саудалануда (39 79 35). Сонымен қатар, Ленинград көшесі, 116 мекенжайы бойынша 17 200 теңгеден қаражара көмірін сатып алу мүмкіндігі бар. Толық ақпаратты 40-08-87, 40-08-40 байланыс телефондары арқылы білуге болады.

“2023 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша Петропавлдағы теміржол тұйықтарында 2800 тонна көмір бар, оның ішінде – 1500 тонна қаражара, 1 300 тонна шұбаркөл көмірі. Алдағы уақытта тағы 2100 тонна — шұбаркөл және 1500 тонна қаражара көмірі жеткізіледі”, — дейді баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы түзету мекемелерінің бірінде адам өлімі тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x