Мемлекеттік қызметшілердің теріс әрекетіне қатысты 6 шағым түсті

Мамыр айының басынан 5 шілдеге дейінгі аралықта Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты 6 шағым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Есепті кезең басталғалы әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекетіне шағымданған 6 өтініш түсті. Өткен жылдың осы кезеңінде 13 өтініш түскен еді. Тиісінше, арыздар саны азайған. Түскен өтініштердің барлығы бойынша көрсетілген дәлелдер тексеріліп, заңға сәйкес жауап берілді. Мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істеуінің алдын алу мақсатында СҚО әкімі аппаратының және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауы ұдайы тексеріліп отырады», — деп жазылған облыс әкімдігінің сайтында жарияланған СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің есебінде.

Қоса кетсек, таяуда Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округінде мемлекеттік қызметші алаяқтық әрекетке барғаны үшін сотталған еді.

Тағы оқыңыз: Аманаттықтар сусыз қалған тұрғындардың проблемасын шешті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x