2 маусымнан бері М. Жұмабаев ауданы Октябрьское ауылындағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша шаруа алдағы оқу жылына дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда, мердігер компания жұмыстың 30 пайызын да орындамаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мектепті қалыпқа келтіру үшін 60 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға оқу ордасының терезелері мен жылыту жүйесін ауыстырып, бірінші қабаты мен акт залын  жөндеу керек еді. Алайда, тиісті шаруа атқарылмай, созылып кеткен. Оған нысанда болып қайтқан «AMANAT» партиясы өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов көз жеткізді.

«10 шілдедегі жағдай бойынша терезе блоктары ауыстырылып, әрлеу жұмыстары жүргізілуі тиіс еді. Бұдан бөлек, батареялар орнатылып, баспалдақ алаңдары жөнделуі керек болатын. Бірақ мұның бірі де орындалмаған», — деді Жеңіс Асанов.

Осы аптаның аяғында еден плиткалары мен линолеум де төселуі тиіс болатын. Бұл жұмыстарда тек 20 пайызға орындалды. Барлық ақпарат бұдан әрі әрекет ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2 адам эхинококкоз жұқтырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x