Шілде айында Петропавлдағы 5 көшенің сапасына талдау жүргізіліп, сынама алынды, нормативтік құжаттары тексерілді. Олқылықтар анықталған аумақтар бойынша тапсырыс берушіге хат жолданған. Ол мердігерге жетіп, ақаулар 1 аптада жойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Негізі жол сапасы 2 түрлі көрсеткіштер бойынша тексеріледі: судың қанығуы мен асфальттың тығыздығы есепке алынады. Ереже бойынша алғашқы аталғаны 4,5, кейінгісі 0,99%-ды көрсетуі керек. Қазір мамандар Петропавлдағы жолдарды кезек-кезегімен тексеріп жүр.

«Абай, Бөкетов, Набережная көшелерінде жүргізілген тексерулер көңілден шықты. Барлығы талапқа сәйкес келеді. Осы шілдеде Жуков, Панфилов, Громов көшелерін де бақылап шықтық. Кейбірінің талдау нәтижелерінен олқылықтар анықталды. Бірден тапсырыс берушіге жолдадық, олар хатымызды мердігер компанияға жіберді. Берген 1 апта уақытымызда барлығы реттелді. Осы уақытқа дейін ескертуімізді елемеген мердігерлер болмады. Бір рет айтқаннан кейін келесі барғанымызда көрсеткіштердің жақсарғанын байқаймыз», – деді Жол активтері ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы Арман Турасимов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың 11 көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x