Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өткізумен айналысқан жігіт 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
26 жастағы жігіт есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен өткен жылы көзге түскен. Сол уақытта полицейлер оны зиянды заттың аса ірі мөлшерімен ұстаған. Тұрғын есірткіні өзі қолданатынын, басқа ешкімге таратпайтынын алға тартқан. Кейіннен жігіттің тауар өткізіп жүргені белгілі болды.
«Қазіргі уақытта ер адам 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. СҚО-да осы жылдың 6 айы ішінде есірткі сатқаны үшін 13 адам сотталды, олардың барлығы ұзақ жылдарға сотталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жарты жыл ішінде 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы екі студенттік жатақхананы пайдалануға беру мерзімі тағы шегерілді