тігінші

Петропавлдық 20 қыз-келіншек облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тігіншілік курстарына қатысуда. Бір ай ішінде әйелдер жаңа мамандықты меңгеріп шықпақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Нұржамал Әбенова — көпбалалы ана. Жолдасы әскери қызметте еңбек етеді. Ал, келіншек бала тәрбиесімен айналысады. Нұржамал мамандығы бойынша социолог. Жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталағына жүгінген әйел «Бастау бизнес» жобасына қатысып, бизнес жоспар қорғап, шағын ателье ашқан. Кейін кәсіпкерлер палатасынан тігіншілерді оқыту бойынша осындай курстар ұйымдастырылғанын естіп, білімін дамытуды жөн көрген.

тігіншілік

«Өкінішке орай Петропавлда тігіншілер аз. Қазір ательеде өзім ғана жұмыс істеп жатырмын. Дегенмен қасыма тағы 2-3 адам алуды жоспарлап отырмын. Тіпті, өзім оқытуға дайынмын. Сол себепті осы жобаға қатысып жатырмын. Мен көбіне ұлттық нақыштағы киім-кешек, дорбалар мен сөмкелер тігемін», — дейді Нұржамал Әбенова.

Курстар Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінде өтіп жатыр. Қазіргі таңда мұнда 20 қыз-келіншек білім алуда. 1 ай ішінде олар тігіншіліктің қыр-сырын меңгереді. Кейін қолдарына сертификат табысталады.

«Жобаға қатысу үшін кәсіпкерлер палатасына келіп, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында өтінім қалдыру қажет. Бұл жоба тек әйелдер қауымына арналған. Яғни, оған тек қыз-келіншектер ғана қатыса алады. Басты мақсатымыз — әйелдердің арасында кәсіпкерлікті дамыту, оларға өз ісін ашуға мүмкіндік беру, жаңа кәсіпті меңгеруге жағдай жасау», — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсел Самаротва.

тігіншілік

Жалпы, биыл кәсіпкерлер палатасы осы сала бойынша 100-ге жуық қыз-келіншекті оқытуды жоспарлап отыр.  

Тағы оқыңыз: СҚО-ға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x