Петропавлда Астана күні мен қала күні қалай тойланбақ?

6 шілде – Астана, 9-ы қала күні. Осыған орай Петропавлда бірқатар мерекелік іс-шаралар легін өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Астана күнін тойлау шілденің 6-сы сағат 10:00-де басталмақ. Бұл уақытта «Асқақтаған елордам – Астанам» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті талант иелерінің өнерін сағат 12:00-ге дейін орталық алаңда тамашалай алады. Сонымен қатар, дәл осы уақытта және сол аумақта тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындар өткізілмек. Солтүстікқазақстандықтар бұл күні «Астана – арман қала» тақырыбында өтетін шеберлік сағатына да қатыса алады. Ал, кішкентай тұрғындар үшін сағат 12:00-ден бастап аниматорлар қызықты бағдарлама ұйымдастырмақ. 6 шілдеде «Динамо» стадионында спорттық сайыстар өткізіледі деп жоспарланып отыр. Оның алғашқысы – ерлер мен әйелдер командасы арасында қалалық стритбол турнирі. Бұдан соң, нәзікжандылар жағажай волейболы бойынша өзара сынға түспек. Сонымен қатар, футболдан қала чемпионатын өткізу көзделген. Бұл күні эстрада жұлдыздары Әміре мен Кенжебек Нұрдолдай тұрғындарды әсем әндерімен қуантпақ.
9 шілде – қала күнін тойлау «Арман қалам» атты салтанатты шарадан басталады. Оған Петропавлдың әкімі қатысады деп жоспарланып отыр. Тұрғындар танымал қазақстандық дизайнерлердің қолынан шыққан ұлттық киімдердің көрсетілімін осы күні тамашалай алады. Петропавлдықтар арасында қала тарихы бойынша қызықты викторина ұйымдастырылмақ.

«Қала күні спорттық ойындар өткізу көзделген. Тұрғындар тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту бойынша өзара сынға түседі. Сонымен қатар, «Сүйікті қалаңызға тілек» атты акция ұйымдастырылмақ. Бұл іске облыстық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері жауапты. Сағат 10-нан түскі 1-ге дейін жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтеді», — деп хабарлады қалалық әкімдік өкілдері.

9-ы күні орталық алаңда «Маленькая Мисс Петропавловск-2023» сән байқауы ұйымдастырылады. Одан кейін тұрғындар сурет салудан өтетін жарысқа қатыса алады. Петропавлдықтар үшін қала күнінде «Октава» шығармашылық ұжымы өнер көрсетпек ниетте. Концерттік бағдарлама шамамен 1 сағатқа созылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, «Динамо» стадионында футбол, стритбол, жағажай волейболынан турнирлер өткізіледі. Сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін Жеңіс саябағында «Сүйікті қала әуені» атты мерекелік ретро-бағдарлама дайындалмақ.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жылу бағасы қымбаттайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x