Петропавлда жылу бағасы қымбаттайды

«Петропавл Жылу Жүйелері» серіктестігінің жылумен жабдықтау қызметіне тариф бекітілді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа тариф 1 Гкал үшін 2 973 теңге (ҚҚС-сыз) болып бекітілді. Бұл алдыңғысынан 93 теңгеге немесе 3,16%-ға өскен. Тариф шеңберінде СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп 844 397,0 мың теңгеге дейін ұлғайған инвестициялық бағдарлама бекітілді. Жоба жылумен жабдықтау саласындағы тозу мен апаттылықты төмендетуге және қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ өндірістік персоналдың жалақысын 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 38,58%-ға арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықтың осал топтары тұрғын үй көмегі тетігі есебінен тарифтердің өсуінен қорғалады. Тұтастай алғанда, тариф белгілеу процесі жариялылық пен ашықтықты ескере отырып, монополист субъектілердің ұсынылған материалдарына негізделеді және бірінші кезекте қызметтерді тұтынушылар үшін ыңғайлы болуы тиіс.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның теміржол тұйықтарында 40 мың тонна көмір қоры бар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x