Алексей Луценко ҚР VI Жазғы Спартакиадасының жүлдегері атанды

Солтүстікқазақстандық Алексей Луценко тас жолдағы велоспорттан топтық жарыста ҚР VI Жазғы Спартакиадасының жеңімпазы атанды. Жерлесіміз қарсыластарын басып озып, мәреге бірінші болып келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, сайыс Талдықорған қаласында өткен. Соңғы жарыс күнінде ерлер мен андерлер 164 шақырымды (5 айналым) құрайтын топтық сайыста сынға түсті. Спортшылар Жоңғар Алатауы тау бөктері арқылы қиын әрі бұралмалы бұрылыстарға толы жолмен жүріп өтті. Қорытынды бойынша бірінші орынды ұлттық құрама көшбасшысы, Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Алексей Луценко иеленді. Теріскейлік азамат мәреге 20 шақырым қалғанда қарсыластарынан ұзап кетіп, сызықты жеке дара кесті.

«Екінші орынды жеңімпаздан 2 минут 5 секундқа қалып қойған Ақмола облысының шабандозы Евгений Гидич иеленді. Үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облысының тағы бір спортшысы Даниил Марухин түйіндеді. Андерлер арасында (U23) Николя Винокуров (СҚО) Қазақстан чемпионы атанса, Андрей Ремхе (Алматы облысы) күміспен күптелді», — деп жариялады баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Суды қалай ішкен дұрыс?

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x