Есіл ауданында рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны жойылды

Есіл ауданы Александровка ауылында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды. Бұл жайында облыстық Экология департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жуырда СҚО Экология департаменті және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары бірігіп Есіл ауданы Александровка ауылына барды. Мобильді топ өкілдері елді мекенді аралау барысында тұрмыстық қалдықтарды тастауға рұқсат етілмеген орынды анықтады.

«Санкцияланбаған қоқыс үйіндісін тіркеу актісі жасалды. Рұқсат етілмеген орынды жою бойынша СҚО Есіл ауданының полиция бөліміне және жергілікті атқарушы органға хаттар жолданды. Бүгінгі күні қалдық тастайтын жер тазартылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл жағдай қайталанбас үшін мамандар жергілікті тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тағы оқыңыз: 2GIS қазақша бағыт-бағдар береді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x