Автобустар жолағы мен веложолдар салуға мүмкіндік жоқ – Айдарбек Сапаров

Петропавлда автобустар жолағы мен веложолдар салуға мүмкіндік жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында журналистер сауалына жауап берген облыс әкімі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Петропавлдың көшелері тар. Негізінен 2 және 4 жолақты. Сондықтан автобустар үшін арнайы жолақ пен веложолдар салу қиын болады. Тіпті, мүмкіндік жоқ деп айта аламын. Әлбетте, алдағы уақытта бұл мәселені қарастыратын боламыз. Бүгіндері қалада ескі үйлер сүріліп жатыр. Егер тұрғындар қажет деп жатса, сол жерлерде жолды кеңейтуді міндетті түрде жоспарлаймыз», — деді журналист сауалына жауап берген облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Халықтың әлеуметтік осал топтарына 702 пәтер кілті табысталады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x