Солтүстік Қазақстан облысында тағы 2 ауыл ішімдіктен бас тартты. Бұл елді мекендерде соңғы жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңірде ішімдіктен бас тартып жатқан ауылдардың қатары көбейіп келеді. Мәселен, Айыртау ауданында Қарасай батыр және Бірлестік ауылдары 5, 7 жыл бұрын алкогольден бас тартты. Яғни, ол жақтарда алкоголь өнімдері сатылмайды.
«Адамдардың алкогольден бас тартуы полицияға үлкен көмек. Тәжірибе көрсеткендей: елді мекендерде алкогольді тұтыну неғұрлым аз болса, соғұрлым тыныш өмір сүруге болады. Айыртау ауданының полиция бөлімінде барлығы 22 учаскелік полиция инспекторы және олардың 6 көмекшісі қызмет атқарады», – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңбырлы ауа райы сақталады