Әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар балабақшада тегін тамақпен қамтылады

Қыркүйектен бастап балабақшаларда әлеуметтік осал отбасы балаларына тегін тамақ беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында шешілді. 9 өңірде – Алматы және Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы облыстарында – мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бюджет бекітіледі. 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда осал топ санатындағы отбасы балалары 100% қамтылады.

«Сонымен қатар, 9 өңірде бастауыш сынып балаларына да тегін тамақ беріледі. Олар: Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары. Ал, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында мәслихат сессиялары өткізілді, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Қостанай облысында бұл жұмыстар ішінара орындалды. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында маусым-шілде айларында мәслихат отырысында бюджет бекітілмек», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Петропавлдықтан 45 грамм мефедрон алынды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x