СҚО-да үлкен жылыжай бой көтеруде

Аққайыңдар өлкесінде ең үлкен жылыжай салынып жатыр. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Нәтижесінде, 65 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Жоспар бойынша нысан 3 мың тонна көкөніс беруі тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан құрылысы Петропавлда жүріп жатыр. 3,7 га аумақта жылына 1300 тонадан астам қияр, 1500 тонна шамасында қызанақ және 170 тонна салат өсірілмек. Нысанды іске қосуға 7,2 млрд теңге жұмсалады.

«Заманауи жылыжай климатты басқарудың автоматты жүйесімен жабдықталады, тамшылатып суару әдісі қолданылады. Қыста да көкөністерді өсіру үшін қосымша жарықтандырылып, жылытылады. Голландиялық гидропоникалық жүйе жыл бойына сапалы өнімді өсіруге мүмкіндік бермек. Жылыжайда орташа температура +23,+24 градус болады, бұл жыл бойы сапалы өнім алу үшін жеткілікті. Әзірге, өңірдегі ең үлкен жылыжай», — дейді «Зеленый Север» ЖШС директоры Екатерина Асаёнок.

Нысан қазіргі уақытта 80% дайын, терезелері салынып, коммуникация жүйесі тартылып жатыр. Мұнда 60 мың текше метр құнарлы топырақ жеткізілді. Мамандардың айтуынша, жылыжай тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Нысанда жаңадан 65 жұмыс орны ашылмақ.

Тағы оқыңыз: Тұрғын үй құрылысы бәсеңдеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x