Жол ережесін 56 рет бұзған петропавлдық ұсталды. Жас жігіт 1,3 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
29 жастағы петропавлдық 56 рет жол ережесін бұзған. Барлық жағдайда ол белгіленген жылдамдықты асырған. Жас жігіттің көлігі шетелде тіркелген екен. Оның үстіне сақтандыру полисі де болмай шықты. Тұрғынды тез арада анықтауға «Мегакам.Қорғау» қосымшасы көмектескен.
«Бірнеше рет ереже бұзған қала тұрғыны енді 1,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. Сонымен қатар, автомобилі сақтандырылмағандықтан, оған 10АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Айта кетсек, 8 маусымнан бері облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 6 күн ішінде айыппұл төлемей жүрген 4745 адам анықталды», — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Тағы оқыңыз: Босанғаннан кейінгі эндометриттен қалай арылуға болады?