Петропавлға кіреберіс жолда қайыңды орманды отаған кәсіпкерге сот үкім шығарды. Істің анық-қанығы Петропавл қалалық №2-ші сотында қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Резонанс тудырған оқиға республикалық трасса бойындағы “Құйбышев орман шаруашылығында” орын алды. Былтыр мұндағы қайыңды орман отала бастаған. Ағаштарды ағайынды Абдуллаевтар кескен. Сөйтіп, әп-әдемі болып, жайқалып өсіп тұрған жасыл желектің орны бүгіндері босап қалған. Арасында бірен-сараң ғана қайың көрінеді. Оның өзі тұрғындар шу көтермегенде, тып-типыл болар еді.
“Жасы үлкен ата-әжелеріміз де орманның болашағына алаңдаулы. Олар әділдіктің орын алып, табиғаттың сақталғанын қалайды. Кейбірі денсаулығына байланысты сот залына келе алмады. Олардың жанайқын біз жеткізіп отырмыз. Бұған көз жұмып қарай алмаймыз. Орманның бұрынғы қалпына келгенін қалаймыз.”,-дейді Ольга Веркулеева.
Кейін белгілі болғандай, аталған участок 2006 жылы орман қорынан шығарылған екен. Ал, 2007 жылы Бахтияр Абдуллаев осы жерді сатып алу-сату бойынша қалалық жер қатынастары бөлімімен келісімшарт жасасқан. Ол жол бойына қонақ үй мен транзиттік машиналарға арналған тұрақ салуды көздеген. Алайда, тұрғындар бұған қарсы. Ол аздай, құжат та негізсіз болып шыққан. Өйткені, 2020 жылы жасалған шарт бойынша Петропавл қаласы әкімінің аппараты ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің учаскені беруді жарамсыз деп тану туралы ұсынысы бойынша СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді.
“Жер учаскесін өткізу барысында Жер кодексінің 48-ші бабының талаптары бұзылған. Ешқандай аукцион өткізілмегені белгілі болды. Сот жер учаскесі Бахтияр Абдуллаевқа жер заңнамасының талаптарын бұза отырып берілді деген қорытындыға келді. ҚР АК 158 — бабының 1-тармағына сәйкес мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін мәміле даулы болып табылады және оны сот жарамсыз деп тануы мүмкін”, — деді судья Анар Маманова.
Ссот жәбірленуші тараптың пайдасына шешілді. Яғни, Бахтияр Абдуллаев пен Фемил Абдуллаевтың заңнаманы бұзып, әрекет еткендері расталды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да әріптесі соғып кеткен колония қызметкері есін жиып, оқиғаның мән-жайын баяндады