Бүгін-Жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 12-ші маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қызыл жалын 14 қазақстандықтың өмірін жалмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

8 маусым күні «Семей» орманы резерватында 2 рет түскен найзағайдан өрт тұтанған. Екі күннен кейін жалын шарпыған аумақ 60 мың гектардан асып кеткен. Қызыл жалынмен арпалысқан Новошульба филиалының 14 қызметкері көз жұмды. ҚР Президентінің Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марқұмдар «Құрмет» орденімен наградталды. Осыған байланысты, бүгін елімізде аза тұту күні болып жарияланған. Айта кетейік, бұл – ел тарихындағы 12-ші осындай қаралы күн. Соңғысы былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адамның қаза болуына байланысты жарияланған еді.

Тілсіз жау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгін өртті сөндіру кезінде тағы бір адамның жоғалып кеткені белгілі болды. Сергей Архипов «Далон» орман шаруашылығының трактошысы, жасы 36-да. Азамат 9 маусымнан бері байланысқа шықпаған. Бүгіндері Абай облысындағы өрттің түтіні Жетісу облысына жеткен. Төтенше жағдайлар департаметінің мамандары тұрғындарға ескерту жасады.

Тағы оқыңыз: Петропавлға кіреберістегі орманды отағандарға қатысты сот үкім шығарды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x