Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысында аптап ыстықтың беті қайтып, жаңбыр жаууы ықтимал. Синоптик мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жауын жауады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қазгидромет өкілдерінің дерегінше, 8-9 маусымда өңірде сынап бағанасы қазіргіден аздап төмендейді. Бұл күндері термометр бағамы +20+28°С-ды көрсетеді деген болжам бар. Мұндай температура солтүстік-батыста, орталықта және шығыста сақталмақ.
«9 маусымда солтүстікте, ел орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады және шаңды дауыл соғады. Күндіз 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда оңтүстік-шығыста аптап ыстық болып, температура +41°С-қа дейін жетеді», — деп таратты синоптиктер.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жылу желілерінің 68%-ның тозығы жеткен