жылу құбыры

Петропавлда жылу желілерінің ұзындығы 284 шақырымды құрайды. Соның 68 %-ның тозығы жеткен. Биыл желілердің 9,2 шақырымы жөнделіп, қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

19-шы шағын ауданында орналасқан №5-ші жылу магистралінде жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары мамыр айында басталды. Бұған дейін 2,9 шақырым болатын құбырлардың диаметрі 200, 300 және 400 мм еді. Қазіргі таңда олар 600 мм-лік құбырларға ауыстырылып жатыр. Бұл өз кезегінде салынып жатқан жаңа нысандарды жылуға қосуға мүмкіндік береді. Мердігер компания қыркүйек айына дейін шаруаны аяқтамақ.

«Ескі жылу құбырының тозығы әбден жеткен. Салдарынан бірнеше рет апат болған. Бұл жердегі жұмыстарға 12 бірлік техника мен 35 адам жұмылдырылды. Қыркүйек айында жөндеу жұмыстарын аяқтап, тұтынушыларды жылуға қосуды жоспарлап отырмыз», — дейді «Петропавловск спецкоммунстрой» ЖШС басшысы Евгений Дзюбенко.

Жалпы, биылғы жылы жылу желілерін жөндеуге және қайта қалпына келтіру жұмыстарына ел қазынасынан 4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе артық.

«Бұдан бөлек, дәл осындай жұмыстар №15-ші жылу магистралінде де жүзеге асырылуда. Ол жердегі құбырлардың диаметрі 800 мм болған еді. Енді ол бір мың мм-лік құбырға ауыстырылып жатыр. Осылайша, қаланың солтүстік бөлігін қосымша жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,-дейді Петропавл қаласының әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Жылу желілерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары толығымен 2024-ші жылы аяқталады деп жоспарлануда.

 

Тағы оқыңыз: Петропавлдық аса ірі мөлшердегі есірткімен ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x