СҚО полицейлері заңсыз алкоголь өнімін саудалаған көкшетаулықты ұстады. Оның көлігінен бір мың литрге жуық спирттік ішімдік табылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз бизнес Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жүзеге асқан. Сауда нүктесін жергілікті учаскелік инспектор анықтады. Мұнда Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны 5 литрлік бөтелкемен ішімдік сатқан. Азаматтың тиісті рұқсат қағазы, алкоголь сатуға лицензицясы болмаған. Оның автокөлігінен 189 бөтелкеге құйылған 945 литр ішімдік тәркіленді. Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша материал жинады.
«Сатып алушылардың қолына сапасы тексерілмеген және кепілдендірілмеген өнімдер кетті. Бұл адамдардың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Алкогольді шамадан тыс пайдалану қылмыс пен құқық бұзушылықтардың жасалуына әкеледі», — дейді аудандық ПБ бастығы Әлихан Байқадамов.
Тағы оқыңыз: Ғабит Мүсірепов ауданында жұмыс қолғабын шығаратын цех ашылды