мәдениет

Мамырдың 21-і халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосқан мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мерейлі мерекесі. Осыған орай облыс орталығында салтанатты іс-шара өтті. Жиында 60-қа жуық маман түрлі марапатқа ие болып, 10 жерлесімізге «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі күні мәдениет және өнер саласында 2 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жұмыс істейді. Оларды кәсіби мерекемен облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.

мәдениет

«Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Әр халық өзінің мәдениетімен, руханиятымен, салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздің атын шығаратын мәдениет пен өнер деп айтқан болатын. Облысымыздың мәдениет пен өнерді дамыту, ұлттық мұрамызды әлемге таныту жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық пен табыс тілеймін. Халықтың ыстық ықыласына ие болып жүре беріңіздер», — деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Асылхан Разиевтің сахнада жүргеніне биыл — 15 жыл толады. Бала кезінен актер болуды армандаған ол, өнер колледжінде білім алады. Ал 2009 жылдан бері С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында Асылхан 100- ге жуық түрлі рөлді сомдаған. Актердің еңбегі еленіп, бүгін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

мәдениет

«Әрине, осындай жоғары марапат алып жатқаныма қуаныштымын. Көп жылғы еңбегімнің жемісі деп білемін. Өнер саласын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өзіммен бірге марапатталып жатқан әріптестерімді де, кәсіби мерекемен құттықтаймын», — дейді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жоғары дәрежелі актері Асылхан Разиев.

Өңірде мәдениет пен өнер саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгіндері осы мамандықты  таңдаған жандарға арнайы гранттар бөлініп, олар еліміздің 5 жоғары оқу орнында білім алып жатыр. 2025 жылға қарай мәдениет қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өседі. Биыл алғаш рет мәдениет саласының ардагерлеріне Қазақстандағы шипажайларға тегін жолдамалар беріледі. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдардың шетелге гастрольдік сапарға шығуына қомақты қаржы бөлінді. Қазақ сазды-драма театры Грузияға, «Sensitive» би ұжымы Испанияға аттанады. Ал, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртістері Оңтүстік Корея мен Италияда өнер көрсетеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 3 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьде тегін демалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x