заңсыз медресе

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз миссионерлікпен айналысқан азаматтар құрықталды. Оларды ұстау операциясын СҚО ҰҚК департаменті мен полиция департаментінің қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 25-і QM редакциясы облыста Орталық Азиядан келген жас балалар ұсталғаны туралы жазған еді.

Біраз уақыттан кейін ғаламторда бұл факт туралы толығырақ ақпарат тарала бастады. «Konfess Temirtau» YouTube-арнасында жарияланған бейнероликте айтылғандай, ұсталғандар 6 жалдамалы пәтерде заңсыз медресе ұйымдастырып, балаларды сол жерде оқытқан.

Жалға алынған пәтерлерде 7 жастан 14 жасқа дейінгі 40 бала антисанитариялық жағдайда тұрған. Облыс аумағында заңды өкілдерінің болмауына байланысты олар кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

заңсыз медресе

Тінту барысында араб тіліндегі діни әдебиеттің екі жүзден астам данасы тәркіленді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

заңсыз медресе

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қамауға алынған 7 адамның барлығы Орталық Азия елінің азаматтары.

Тағы оқыңыз: Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x