Етікшілікті 40 жылдан астам уақыт кәсіп еткен келіншек

Петропавлда етік жөндейтін бесаспап келіншек тұрады. Фирая Спиридонованың ер адамдарға тән кәсіпті меңгергеніне 42 жыл болған. Бүгіндері оның ұлы да ана жолын қуып, аяқ киім тігумен айналысады. Етікшілікті дамытып отырған отбасымен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасты.

Бүгінде біз ұстап, етік тігетіндердің қарасы аз. Болған күннің өзінде олардың дені – ер азаматтар. Оның өзінде жұрт аяқ киімінің сырмасы бұзылып, ұлтаны тозғанда ғана олардың көмектеріне жүгінеді. Осы кәсіпті табыс көзіне айналдырып, пайда тауып жүрген санаулы шебердің арасында әйел адамдар да бар екен. Мысалы, теріскейлік Фирая Спиридонова 40 жылдан астам уақыт етікшілікпен айналысып келеді. 

«1992 жылы мен өз кәсібімді аштым. Дегенмен, бұл саладағы таза еңбек өтілім 42 жыл. Мамандығым – аяқ киім өндірісінің технологы. Қазір өкінішке қарай, тапсырыспен аяқ киім тіктіретін адам аз. Бәрі шетелдің дайын тауарларын сатып алғанды құп көреді. Сұраныс болмағандықтан, былғары зауыты да жабылып қалды. Енді керек материалдарды басқа қалалардан алдыртуға мәжбүрміз. Сонда да жұмыс жүріп жатыр. Өз кәсібімізге адалмыз», — дейді етікші Фирая Спиридонова.

Ісмер әйелдің ұлы Евгений де осы саланың маманы. Ол кішкентайынан анасына қолғабыс болып жүріп кәсіпті меңгеріп алған. Бүгінде жалғыз өзі отырып та бар істі тындыра береді. 

«Менің осында жұмыс істегеніме 10 жыл болды. Анам осы шеберхананы ашқанда 1 сыныпта оқитын едім. Бос уақытымда келіп көмектесіп жүрдім. Мүмкін содан болар қазір осы кәсіпке ынтам ауды. Әр саланың өзіндік қиындығы бар. Ал біздегі мәселе жұмыстың маусымдық болуы. Бүгіндері негізгі тапсырыс театрлардан түседі. Әр аяқ киімді ерекше етіп жасауға тырысамыз», — дейді етікшінің ұлы Евгений Спиридонов.

Мұндағы қызметкерлерінің бәрі тәжірибелі. Кемі 20-30 жыл қызмет еткендер. Көп елене бермейтін кәсіпті өркендетіп отырған өңір тұрғындары алдағы уақытта шеберхана жұмысын кеңейтіп, қатарын жаңа мамандармен толықтырмақ ниетте.

Тағы оқыңыз: Онлайн сауда жасап опық жегендер қатары артуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x