Жаз ыстық болады – синоптиктер

Биыл жаз ыстық болады. Еліміздің кей өңірлерінде температура +45 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік аймақтарда +30+38 градус болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптиктер алдағы 3 айға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес жазда республиканың басым бөлігінде температуралық фон нормадан жоғары болады. Тек солтүстік аймақтарда норма шамасында қалмақ.

«Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен және Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасы күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін ауытқуы мүмкін. Ал Қазақстанның оңтүстік-батыс жартысында жекелеген күндері термометр бағаны+40+45°С-ге дейін көтеріледі», — делінген «Қазгидромет» РМК ұсынған ақпаратта.

Бұл елімізде жаз бойы аптап ыстық болады деген сөз емес. Мамандар жауын-шашынды күндер де болады деп отыр. Яғни, ыстық күндер нөсер жаңбырлы, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Infobus» бағдарламасы қайта іске қосылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x